Тауар шақ келмеді ме? Ештеңе етпейді! Тауарды сатып алған сәттен бастап 14 КҮН ІШІНДЕ қайтара аласыз.
СІЗ 14 КҮН ІШІНДЕ ТАУАРДЫ САТЫП АЛҒАН FUNDAY БӨЛШЕК САУДА ДҮКЕНІНЕ ҚАЙТАРА АЛАСЫЗ
Қайтару үшін қажет етілетіні: чек және жеке басты куәландыратын құжат.
Чек жоғалған жағдайда, тауарды тек сатып алған дүкенге қайтаруға болады.
Егер тауар қолма-қол ақшамен төленген болса, төлем бірден қолма-қол ақшамен қайтарылады.
Егер тауар банк картасымен төленген болса, онда ақшалай қаражат төлем жасалған картаға немесе сатып алушының есеп айырысу шотына қайтарылады. Ақшалай қаражатты қайтару мерзімі — 3 күннен 30 күнге дейін.
Айырбастау және қайтару
Маңызды:
Тауарды қайтару дүкеннің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Тауар Сізге түсі, өлшемі немесе үлгісі бойынша шақ келмесе, одан бас тартуға құқығыңыз бар.
Егер оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, зауыттық затбелгілері, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжаттар – кассалық чек және тауарлық чек сақталған жағдайда, тиісті сападағы тауарды қайтару мүмкін болады*.
29.12.14 ж. № 269‑V ҚР Заңының редакциясында жазылған 1-тармаққа сәйкес: Сатушы (дайындаушы) тиісті сападағы азык-түлікке жатпайтын тауарды, егер ол пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалары, затбелгілері, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, тауарды сатып алған күннен бастап, егер шартта одан неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, он төрт күнтізбелік күн ішінде оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті:
1-тармақ 28.12.18 ж. № 211-VI ҚР Заңының редакциясында (ескі ред. қараңыз) берілген
ішкиім;
шұлық-ұйық бұйымдары;
* Кассалық немесе тауарлық чектің немесе тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын куәландыратын өзге құжаттың болмауы тауарды қайтару туралы талаптарды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
Тауарды айырбастау шарттары:
1
Айырбастауды сатып алған күні және 14 күн ішінде жасауға болады.
2
Айырбастау үшін чек қажет
3
Тауарды тек сол модельдің басқа өлшеміне айырбастауға болады